ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өңіріміздегі қала, аудан және ауыл имам молдаларының қатысуымен 3 күндік семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – үстіміздегі жылдың 19 ақпаны күні ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткізілген «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында республикалық имамдар форумындағы қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», және «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттармен толық таныстырып, имамдардың біліктілігін арттыру болды.
Аталмыш семинарға барлығы 50 имам қатысты.
«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» кітабы бойынша – «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев сабақ өткізсе, «Имамның тұлғалық келбеті» бағыты бойынша найб имам Н.Әбжанов сабақ жүргізді, ал, мешіттің найб имамы М.Гаджиев «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тақырыбында кеңінен түсіндірді.
Семинар барысында аталмыш кітаптар имамдарға тегін таратылды.
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2015
2836
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру