"Иманғали" орталық мешітінің ұйымдастыруымен өңірімізге арнайы келген исламтанушы Ризабек Батталұлымен "Қазіргі қоғамдағы әйел мәселесі, әйел этикасы" тақырыбында арнайы кездесу өтті.
Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы және мешіттің жамағат әйелдері қатысты.
Дінтанушы Р.Батталұлы: "Үйлену оңай, үй болу қиын – демекші, бүгінгі күнде ажырасқан отбасылар қатары көбейіп келеді. Алайда бірін-бірі шынайы сүйеміз деп шаңырақ көтерген екі жастың арасына жік түсіп, бір-біріне деген ыстық сезімдерін жоғалтып, шаңырақтарын шайқалтуда. Оған нендей нәрсе себеп болды екен? – деген сауалдың астарында көбінесе ер мен әйел бір-бірлерінің алдындағы міндеттерін орындамаудан туындап жатады", - деп, әйел тәрбиесі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі екеніне тоқталып өтті.
Кездесу соңында әйелдер жамағаты тарапынан сауалдар қойылып, оған тиісті жауаптар қайтарылды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2015
3375
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру