Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр-Мүбәрак» университетінің гуманитарлық көмегі ауылдарға жеткізілді (ФОТО)

29.04.2015 3041 0 пікір

Айтып келмейтін апатты жағдай - ақырындап ауыздықталуда. Ал, қызылсумен алысқан ағайынға еліміздің барлық аймағынан рухани қолдау көрсетіліп, гуманитарлық көмектер жөнелтіліп жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен елді-мекендердегі жерлестерімізге көмектесу мақсатымен  Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Қайырымдылық - ізгілік» атты акциясы жүргізілген болатын. Жақсылықта да, қиыншылықта да жұмыла көмекке келетін жамағат  Осакаровака ауданына тұрмысқа қажетті деген заттарды жүкке тиеп, аудан орталығына жеткізді.

«Нұр-Мүбәрак» университеті, облыстық мешіт жамағаттары және қала тұрғындары атынан  Оскаровка ауданына қарасты Қарағайлы, Николаевка ауылдарындағы тұрғындарға  киім-кешектер, төсек-жабдықтар, ыдыс-аяқтар және азық-түліктер  таратылды.

Өкіл имамның орынбасары, Қарағанды өңірі бойынша жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Мерей Қанатұлы аудан имамы мен аудан әкімінің орынбасарымен жүздесіп, үйлерін су шайған тұрғындардың  хал-ахуалын сұрап сұқбаттасты. Наиб имам уақытшалық қиындыққа тап болған ағайынға басу айтып, сабырлыққа шақырды.

Қарағанды облыстық орталық мешіті


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру