Жезқазған қаласы жастарымен «Ислам діні - ынтымақ дін» тақырыбында кездесу өтіп, плакаттар сайысының қорытындысы шығарылды.
Кездесуге ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шоханов Сансызбай Құрбанұлы, Жезқазған қаласы мәслихатының депутаты, қалалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Бекмағамбетов Марат Егімбайұлы шақырылды. Сонымен қатар, Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзабекова Мереке Батырбекқызы, Жезқазған қаласы бойынша конфессияаралық қатынастардың мәселелерін зерттеу және сараптау орталығы директоры Тасмаганбетова Айшагуль Жапарбаевна, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы қалалық мешітінің өкіл имамы Мәди Тоқпанұлы, Жастар бастамалары орталығы директоры Бақытжан Игенұлы, Ақпараттық –насихаттау тобының мүшесі, мемлекеттік қызметкер Рамазан Әбішұлы қатысты.
Қатысқан қонақтарымыз «Ислам діні-ынтымақ дін» тақырыбында ақыл, өсиеттерін айтып, жастарды оқуға, елге, отанға адал қызмет жасауға шақырып, ел бірлігін сақтауға өз үлестеріңізді қосу керек деген тілектерін жеткізді.
Кеш барысында ислам діні, салт-дәстүрге байланысты викториналық сұрақ-жауаптар болып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2015
3655
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру