Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аудандық мешіттегі келелі кездесу

28.04.2015 3078 0 пікір

Маңғыстау облысына арнайы келген РАНТ мүшесі Қ.Жұмабеков бекітілген жоспарға сәйкес 26-шы сәуір күні шам мен құптан намазы аралығында Қарақия аудандық мешітте уағыз айтты. Мешітке жиылған жүзге жуық жамағаттың басым көпшілгі жастар және жаңадан дінге бет бұрғандар еді.

Қ.Жұмабеков уағыз барысында әһлу сүннет ақиданың маңызына тоқталып, мәселені жан-жақты түсіндірді. Ақидасы адасқан соң ондай жанның шариғаты мен ахлағыда адасушылыққа түсетінін мысалдармен жеткізді. 2 сағатқа созылған уағыз соңында жамағат тарапынан қазіргі туындап жатқан өзекті сұрақтар сұралды. Мәселен, Матуриди ақидасын ұстану адасушылық дейтіндерге нендей жауап беруге болады деп сұралды. Әрине аталмыш сұраққа қонағымыз тұшымды жауап берді.

Уағыз соңында Қ.Жұмабеков өздерін сәләфиміз деп жүргендердің айтқан уағыздарын тыңдамауды жамағатқа баса назарда айтты. 

Маңғыстау облысытық орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру