Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобы өз жұмысын жүргізіп келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізетін РАНТ мүшелері сәуір айында Алматы қаласына келіп, құрамындағы ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, теолог, PhD докторы Ершат Оңғаров және Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы Ерсін Әміре Алматы қаласында ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізді.
Ү.ж. сәуір айының 20-24 аралығында РАНТ мүшелері Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары, әскери бөлімдер, Ислам институты және мешіттер секілді түрлі мекемелерде 21 кездесу өткізді. Кездесулер барысында қазіргі таңдағы актуалды мәселелер, Ислам экстремизмі мен радикалдық мәселелері, қазіргі замандағы керекті әрі өзекті тақырыптар қозғалды. Лекциялардың ұзақтығы 1 сағат пен 2 сағат аралығында өрбіді. Соның ішінде лекция оқушы өзін таныстырып, не мақсатта келгендігі, ҚМДБ ұйымы туралы мағлұмат берді, сонымен қатар Астанада өткен Республикалық имамдар форумының не мақсатта өткізілгендігі, форумда қабылданған құжаттардың маңыздылығына тоқталды. Ислам туралы білгісі келетіндерге дұрыс ақпаратты қайдан алу керектігі, қандай сайттар мен ақпарат көздерін пайдалану қажеттігі жөнінде ақпарат берілді. Кездесулер жоспардағыдай жақсы деңгейде өткізіліп, тыңдаушылардың көкейлеріндегі сауалдарына жауап берілді.
Лекция барысында мекеме басшыларына теріс ағымға кіріп кеткен адамдар болса солармен жеке кездесу, әңгімелесу, сұхбаттасу, сұрақтарына жауап беру үшін жарты сағат уақыт бөлінетіндігі айтылып, кездесу ұйымдастырулары жөнінде өтініш жасалды.
Жалпы саны 4 күн бойы толассыз жүрген 21 нысандағы кездесуде 3435 адам ақпаратпен қамтылды. Оның ішінде мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен; жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушыларымен; әскери қызметкерлермен; қаладағы ірі әрі күрделі мешіттерінің ақшам және бесін намазына жиналған жамағатымен және жұма намазына жиналған қала тұрғындарымен кездесіп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2015
3912
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру