Өкінішке орай, бүгінде донорлардың жетіспеушілігі алаңдатады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық қан орталығымен бірлесе отырып үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында "Жүректен жүрекке" атты қан беру қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Шараның мақсаты қала халқы мен мешіт жамағатының қанға мұқтаж адамдарға қол ұшын беруіне ұйытқы болу.
Акция Алматы орталық мешітінде 1 мамыр күні 10.00 - 16.00 аралығында өтеді.
Сондай-ақ дәл осы игі шараның жалғасы Алматы қаласының мешіттерін қамтып:
- 8-мамыр күні Айша бибі (Ақсай) мешітінде;
- 15 мамыр күні Төле би (тастақ) мешітінде;
- 22 мамыр күні Орбита-3 мешітінде;
- 29 мамыр күні Бекет-ата (Шанырак-1) мешітінде;
- 5 маусым күні Райымбек батыр (Думан ықш.) мешітінде;
- 12 маусым күні Қалқаман-2 мешітінде өткізіледі.
Іс-шараның өтетін уақыты 10.00-16.00 аралығы. Мүмкіндігі бар барша қала тұрғындарын осы игі шараға қатысуға шақырамыз.
Донор болуға 18 жастан жоғары, дені-қаны сау адамдар қатыса алады. Қан берердің алдында бірнеше сағат бұрын алкогольді заттар қабылдамаңыз, темекі шекпеңіз және қан бергеннен кейін де одан сақтаныңыз. Себебі никотиннен қанға түсетін улы заттар науқастар үшін, әсіресе жаңа туған нәрестелер үшін аса қауіпті.
Қан тапсыруға өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді міндетті түрде ала келіңіз.
Қан тапсыратын күні сондай-ақ ащы, аса майлы және сүтті тағамдарды қабылдамаңыз. Есесіне жеміс-жидек, көкөніс, бидай өнімдерін тұтыныңыз. Қан беруге ең оңтайлы уақыт ас ішкеннен соң 2-3 сағаттан кейін беру.
Қан берген соң міндетті түрде бір тостақ су немесе шырын немесе шәй ішіңіз! Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала Құран кәрімде Бақара сүресінің 160-шы аятында:
«Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оның сыйын он есе қылып беремін»,- дейді.
Донор болу арқылы - сіз біреудің өмірінің құтқарылуына себеп бола аласыз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2015
5590
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру