Жезқазған аймағына қарасты мешіт имамдарына өкіл имам Мәди Тоқпанұлының ұйымдастыруымен семинар өткізілді. Алматы қаласынан «ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі» меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы келіп, арнайы дәрістер жүргізді. Бұл семинарға Сәтпаев, Қаражал қалалары, Ұлытау, Жаңаарқа аудандары және ауылдарының барлық имам-молдалары, наиб имамдары, азаншылары қатысты. Ақида, Фиқһ мәселелері бойынша 2 күн бойы өзекті тақырыптар қозғалып, имамдар өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар алды.
Сонымен қатар, көкейлерінде жүрген сұрақтарына Сансызбай ұстаз толық жауап берді. Кейін «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешіт жамағатына кешкі ақшам мен құптан намаздарының арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, уағыз-насихаттар жүргізілді.
Қасиетті жұма күні «ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі» меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы қасиетті айлар туралы, мұсылмандардың ауызбіршілігі, бір-біріне деген бауырмалдығы жайында әсерлі уағыздар айтты. Сонымен қатар, жергілікті «Дидар» телеарнасының «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына арнайы сұхбат берді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2015
2999
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру