Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Ақтауда

27.04.2015 3087 0 пікір

ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Қабылбек Жұмабеков  Ақтау қаласына келді. Діни басқарманың жоспарына сәйкес бірнеше облыстарға жолданған РАНТ мүшелері нәтижелі жұмыс жасап жатқаны біздерді қуантады.

Қ.Жұмабеков бағдарламаға сәйкес 23-ші сәуір күні Ақтау қаласында орналасқан қатаң режимдегі екі абақтыда болып, бас бостандығынан айырлыған жандармен кездесіп, дініміздің сеніміне (ақидасына) қатысты тұшымды уағыз айтты. Уағыз соңында бас бостандығынан айырылған жандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Осы күні кешкісін жоспарға сәйкес шам намазынан кейін Маңғыстау облыстық орталық мешітте жамағатқа «Әһлу сүннеттің діни ұстанымы» атты тақырыпта уағыз айтты.

РАНТ жұмысы 23-26 сәуір күндері бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру