Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраудан Қарағандыға гуманитарлық көмек жіберілді (ФОТО)

24.04.2015 3194 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінен Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен отандастарға өңірдің тұрғындары тарапынан жиналған материалдық көмек жөнелтілді.

Қиыншылық сәтте отандасқа ортақтасу мақсатында"Сен де үлес қос!" атты қайырымдылық аясында өткізілген шараға Атырау қаласының тұрғындары мен мешіт жамағаттары бір ауыздан қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек қолдарын созды.

Табиғат апатынан қиындыққа тап болған қарағандылық отандастар үшін 2 жарым тонна қайырымдылық көмек тиелді. Гуманитарлық көмек ретінде түрлі киім-кешектер, ыдыс-аяқ, бірінші кезекте қажетті тұтынатын тұрмыстық бұйымдар жиналды.  

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы аталмыш науқанға хал-қадірінше ат салысып, қолдау көрсеткен барша жамағатқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жаратқан Алладан өркендеп келе жатқан елімізді түрлі апаттардан аман қылып, халқымыздың әрқашан ынтымақ-бірлікте болуына дұға жасап, жамағатпен өңірдегі қайырымдылық керуенін шығарып салды.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру