Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баспанасынан айырылған отбасына қайырымдылық жасалды

24.04.2015 3369 0 пікір

«Көп түкірсе көл» деген сөз бар. Көпшілік  біріксе бітпейтін іс жоқ. Көпшіліктің бірігуімен іс жасау, айналаңдағы бауырларыңның қиыншылығына бей-жай қарамай, қол ұшын созу мұсылманның міндеті.

Осындай асыл қасиеттер мен жамағаттардың қуанышы мен қызығын, қиындығы мен кемшілігіне ортақтаса жүретін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы кенеттен келген опатқа тап болған мұсылман бауырымызға қол ұшын созды.

Айтып келмейтін тілсіз жау – өрттің салдарынан баспанасынан айырылған отбасына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, бас имам Талғат Сейіткәрімұлы бастаған топ, мешіт ұжымы, имамдар, жамағаттар бірлесе материалдық, рухани және қаржылай көмегін ұсынып, рақымдылық танытты.

Әрине, біреуге жақсылық жасап, қол ұшын созу – қайырымдылықтың белгілі екені белгілі. Өз кезегінде зардап шегуші азаматтар да мешіт ұжымына алғысын жеткізді.

«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру