Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Басты мақсат – діни тұрақтылық (ФОТО)

24.04.2015 4060 0 пікір

Үстіміздегі жылы 20 сәуірде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Дастан» қонақ үйінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2015 жыл – Әбу Ханифа жылы» бікіткеніне байланысты «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы – діни тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл маңызды басқосуға республикаға белгілі ғалымдар мен теологтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қалалар мен аудандардың имамдары, дін жанашырлары мен жүзге жуық қала жастары қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Қайназарұлы Дәуренбеков «Қазақстан мұсылмандары Тұғырнамасының маңыздылығы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Баяндаманы талқылауға қатысқан философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Әбдірахманұлы Айталы, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Қуандықұлы Сәрсенбин, тарих ғылымдарының  докторы, профессор Рахым Ағыбайұлы Бекназаров, «Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Әбдірашұлы Есмахан, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Төлеген Өмірзақұлы Талдыбаев, Шалқар аудандық «Мәтәй Қоқанұлы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлыбек Такеев, тарих ғылымдарының магистрі Дәурен Абайбекұлы Сайынов, дін жанашырлары Ибрагим Ермекбаев, Болат Халиков  және басқалар   «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» – облыстағы, республикадағы діни тұрақтылық кепілі бола алатын аса маңызды құжат екендігін атап өтіп, осы орайда өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Осы басқосуға қатысқан жастар өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарға жауап алып, аса риза болып тарасты.

Өмірсерік ОРАЗАЛИН,
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру