Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің студенттері мен оқытушылары Қарағандыға қайырымдылық көмегін аттандырды. Студенттер өз тарапынан шамалары келгенше қаржылай қор жинаса, университеттің оқытушылары мен қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды.
Оқу орнының Жастар комитеті, Тәрбие бөлімі және «Қыз Жібек» клубының белсенділері ҚМДБ-ның Қарағандыдағы өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлымен хабарласып, жағдайды сұрастырып, бағдарлап, қажетті заттар туралы нақтылап алды. Сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен аймақ тұрғындарынан хабар алып, қажеттіліктер туралы тәптіштеп сұрап алған белсенділер Қарағандыға су жаңа көрпе-төсек жабдықтары, киім-кешек, өзге де қажетті деген асай-мүсейлерді сатып алып, буып-түйіп аттандырды.
- Теңіздің тамшысындай болса да отандастарымызға қолдау жасап, қиын қыстау кезеңде оларды ойлайтын бауырлары бар екендігін білдіру. Бұл тек мұсылмандық қана емес, азаматтық борышымыз,- дейді қайырымдылық керуенін аттандырған белсенді топ өкілдері. Көп жағдайда табиғат апаты айтып келмейтіндіктен, тосын жағдай көпшілікті тосырқатуы заңдылық. Сондықтан қашанда жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Айша Кеңесбай,
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2015
3397
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру