Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институты: жауапкершілік жүктеген жүздесу (ФОТО)

23.04.2015 3449 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Ағыбайұлы оқушы имамдармен кездесті.

Бұл шараға ҚМДБ ИБЖ Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Мырзабаев, директордың кеңесшісі Нұржан Әбдіхалықов, осы оқу ордасының оқу бөлімінің меңгерушісі Тайыржан Юлдашев қатысты.

Ислам институтының бүгінгі жетістіктерін сөз еткен Ершат Ағыбайұлы Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажыға алғысын білдірді.

«Халықты имандылыққа, бірлікке шақыруда имамдар белсенді болуы қажет. Ең алдымен имамның білімі мен біліктілігі жоғары деңгейде болса, халықтың да діни сауаты артады. Бұл бағытта институт жұмысы жанданып келеді», – деді Е.Оңғаров.

Кездесу соңында институт басшысы Кенжеәлі қажы Мырзабаев бүгінде халқымыздың рухани құндылықтарға деген құштарлығын айта келе оқу бағдарламасы 6 пәнге: Құран, Ақида, Фиқһ, Ахлақ, Усулул фиқһ, Таңдаулы хадис мәтіндері пәніне басымдылық беріліп отырғанын жеткізді. 

ҚМДБ Ислам институтының баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру