Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студенттер арасында шағын футболдан турнир өтті (ФОТО)

23.04.2015 3209 0 пікір

ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен Қазақ хандығына 550 жылдық мерейтойына арналған шағын футболдан студенттер арасында турнир өткізілді.

Аталмыш шараға облыс имам Ахметжан қажы Керімбек қатысып, спортпен шұғылдану асыл дініміздің көсемі Пайғамбарымыздың сүннеті екендігін айтып, қатысушыларға сәттлік тіледі. Жалпы турнирге облыс көлемінде жоғары оқу орындарынан 9 команда қатысты.

Соның ішінде топ жарған команда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің командасы бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы иеленсе, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институтының командасы алды.

Жүлде қоры бойынша бірінші орынға 100 мың теңге, екенші орынға 70 мың теңге, ал үшінші орынға 50 мың теңге белгіленді. Сонымен қатар, облыстық орталық мешіттің кубогі мен арнайы марапаттау қағаздары табыс етілді. Шара соңында қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Осы іс шараға көмек берген азаматтарға Алла разы болсын! 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру