Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өліге құрмет, тіріге міндет!

23.04.2015 3749 0 пікір

ҚМДБ-ның тапсырмасының бірі, Республика бойынша Сәуір айының соңғы аптасы зираттарды тазалау күні болып бекітілген. Биылғы көктемгі маусымда да, Талдықорған  өңірі бойынша жан-жақты тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Аталмыш игі шараға үнемі өзінің үлесін  қосып отыратын, орталық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласына қарасты барлық  мешіт қызметкерлері мен жамағаттары, жыл сайынғы дәстүрге айналған істі жалғастыра отырып, зираттың айналасын тазалау жұмыстарынан бұрын, марқұм болған әруақтарға Құран оқып, дұға жасады.

Хақ ислам діні тазалыққа қатты мән береді емес пе? дей келе, сауабы мол істі жүзеге асыру мақсатында, мешіт қызметкерлері жасалған дұғадан кейін, зират ішіндегі қоқыстарды жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Халқымыз дүниеден өткендерді құрметтеуге ерекше көңіл бөлетіндіктен, өз ауламыздың тазалығына ғана емес, зираттардың да таза, ұқыпты болуын жадында ұстауға дағдыланып келеді. Шараға арнайы қатысушы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының журналистеріне берген сұхбатында, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас осындай игі шараны, имамдар жылдан-жылға әдетке айналдырып, халыққа насихаттап келетінін тілге тиек етті. Талдықорған қаласына қарасты барлық  мешіт қызметкерлері мен жамағаттары белсене араласқан тазалық жұмыстарының сауабын, Алладан үміт еткен бойда тарқасып жатты.

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру