Білікті дінтанушы, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлының Атырау атырабындағы кезекті кездесуі Жұмыскер елдімекеніне қарасты "Әт-Тақуа" мешітінде өз жалғасымын тапты.
Ақшам намазынан кейін құтты қонақ "Мұсылманның сипаты" турасында сөз қозғап, жиылған қауымды келелі уағызбен сусындатты.
Сонымен қатар, дінтанушы Р.Батталұлы бірлік пен ынтымақтастық, көркем мінездің маңызы, соның ішінде ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамзат үшін ең көркем мінезді жан екендігі туралы біраз әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, қой терісін жамылған қасқыр секілді жүретін жат ағымдардың келеңсіз әрекеттерін мысалдап жеткізіп, олардан сақ болудың жолдарын айтты.
Бір сәт дін ғалымының уағызынан рухани нәр алған жамағат игілікті кездесу шарасын ұйымдастырған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлына және қалалық "Әт-Тақуа" мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлына жүрекжарды ризашылықтарын да білдірді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2015
3052
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру