Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман мұсылманға бауыр...

23.04.2015 3471 0 пікір

Таугүл-3 мешітінің тұрақты жамағаты Балтабай Сұлтанов І-ші топтағы мүгедек, отбасын құрған, қазір үш баланың әкесі. 

Жуырда үй  құрылысын бастамақшы болып ниеттенген болатын. Соған орай, Таугүл-3 мешітінің бас имамы бастаған бір топ жамағат Балтабай бауырымыздың үйінің іргетасын көтеру мақсатында асарлатып жәрдемге барды. Сонымен қатар, Таугүл-3 мешіті «Хайырласу – момынның ісі» - деген аталы сөзді басшылыққа алып, кәсіпкерлерді ұйымдастырып 100 қап цементпен жәрдемдесті.  

Иә, «Мұсылмандар өзара қатынаста бір құрылыс тәрізді. Оның бөліктері бір-бірін нығайтып, орнықтырып тұрады» деген Пайғамбарымыздың хадисіне амал жасауға барған күллі жамағат бар ықыласымен шаруаға кірісіп кетті.  

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді – демекші, алдағы уақыттарда да Таугүл-3 мешітінің жамағатары бас имам Нұржан Таласұлының ұйытқы болуымен Балтабайдың ізгі бастамасына жәрдем беруге ынталы екендіктерін айтты.

Таугүл-3 мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру