Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» атты тазалық акциясы өтті

22.04.2015 27643 0 пікір

Қазақ халқы «өлі разы болмай, тірі байымайды», - дейді. Осы сөздің астарында үлкен мән жатқаны белгілі. Себебі, әруақты құрметтеу мен оған тиісті дұғаларын жасау, осы дүниедегі қолдан келген амалдарды жүзеге асырудың өзі баға жетпес сауапқа кенелтетіні белгілі.

Осы орайда, бүгін Сыр өңіріндегі ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен жергілікті мешіт ұжымдары қорым, зияраттарға  тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шараны жүзеге асырудағы негізгі мақсат – қорымдарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әруақтарға тағзым білдіру, көктем келгелі зияраттар маңының тазалығына мән беру болса, екінші жағынан тұрғылықты халықты да осы шараларға үндеу, тазалық сақтауға шақыру болды.

Акция аясында  орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ұжымы мен қалалық мешіт ұжымдары қала маңайындағы және шет аймақтардағы бірнеше қорымдар мен зияраттарды тазартып, әруақтарға құран бағыштады.

«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру