Алматы қаласындағы Гоголь Чехов атындағы орталық кітапханада жас буын оқушы-студенттермен кездесу өтті. Бұл шараға «Әл-Хамид» мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Өмірзақұлы, наиб имам Құрманбаев Батырхан және ұстаз Жайсамбеков Бақыт қатысты.
Бас имам Асылхан қажы студенттерге ең бірінші кезекте ҚМДБ-ның құрылу тарихын, сіңірген еңбегін кеңінен түсіндіріп, қазіргі таңда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа атқарып жатқан елеулі қызметін айтып кетті.
Әрі қарай студенттерге айтылған уағыз-насихат ата-ананы сыйлау жайында болды. Мешіт ұжымы оқушылардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап берді.
Алматы қаласы «Әл-Хамид» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2015
3172
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру