Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков 21 сәуір күні Маңғыстау ауданына қаласына қарасты Жыңғылды ауылындағы мектеп оқушыларымен кездесті. «Иманды ұрапақ ел болашағы» атты тақырып бойынша өткен келелі кездесуді аталмыш мектеп директоры ұйымдастырып, өкіл имамды арнайы қонақ ретінде шақырған болатын.
Өкіл имам С.Сейтбеков діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп өтті. Кездесуге қатысқан оқышыларға тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдетерден аулақ болуды, елдің патриоты болуды және дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарда түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында өкіл имамға оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, сұрақтарға өкіл имам жауап берді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2015
3082
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру