Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейден «Қайырымдылық керуені» аттанды (ФОТО)

22.04.2015 3012 0 пікір

Семей өңірі «Қос мұнаралы» орталық мешітінен Қарағанды өңірінде су апатынан зардап шеккен тұрғындарға арналған «Қайырымдылық керуені» сапарға шықты. Бір жүк көлігіне азық-түлік, тұрмыстық керек-жарақтары тиеліп, апаттан ауыр сынаққа ұшыраған ағайындарға арнаулы бет түзеген көшті Семей қаласының имамдары ұйымдастырып отыр.

«Қайырымдылық керуені» атауымен ҚМДБ-ның Семей өңірінің өкілдігі «Қос мұнаралы» орталық мешіті өткен жұма қарсаңында қолға алып, Семей тұрғындарын асарға шақырған болатын. ҚМДБ-ның өкіл имамы Алтыбай Мақсат қайырымдылық қазаққа тән қасиет екенін айтып, ағайын-жұрттың көңілін сұрап, жағдайына қарайласу мұсылманның міндеті деп білетіндігін жеткізді. «Айтып келмейтін апаттан қиыншылыққа ұшыраған ағайындарымызға қол ұшын жалғап, көмектесу әрі адамдық әрі мұсылмандық борышымыз. Осы мақсатта бүгін міне Газел авто көлікке халыққа ең қажетті тұрмыстық заттарын, азық-түліктерін тиеп, апара жатырмыз. Осы іске үлес қосқан барша Семей тұрғындарына мың алғыс. Бұл біздің шын бауыр, жанашырлығымыздың айқын белгісі. Алла баршамызға разы болғай. Жеріміздің тыныштығын, еліміздің бейбітшілігін одан әрі арттырғай», - деді өкіл имам өз сөзінде.

Айта кетейік, күні кеше «Қайырымдылық керуенінің» алғашқы легі 20 тонна гуманитарлық көмектері тиелген көліктерімен Алматы қаласынан шыққан болатын. Бұл керуен Бүгін Семейден дін қызметкерлері бастаған топпен Қарағандыда тоғысып, одан әрі тұрғындарға әкелінген заттар таратылмақ. 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру