Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман сипаты насихатталды (ФОТО)

21.04.2015 3204 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы ел аумағында игілікті істер атқарып келеді. Биыл да РАНТ мүшелері өңір-өңірлерді аралап, асыл дініміздің маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымның алдын-алу жұмыстарын одан әрі жүргізері сөзсіз.

Міне, РАНТ жұмысы Атырау аймағында өз жұмысын бастап кетті. Осы мақсатпен өңірге табан тіреген РАНТ мүшесі, дінтанушы Ризабек Батталұлы мұнайлы аймақта уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Сәуірдің 20-күні "Иманғали" орталық мешітінің жанынан ашылған діни-сауат ашу медресесіне теолог-дінтанушы Ризабек Батталұлы арнайы атбасын бұрып, ондағы 30-ға жуық шәкірттермен кездесу өткізді.

Белгілі теолог Ризабек Батталұлы медресе шәкірттеріне "Мұсыманның сипаты" тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында мұсылманның мінез-құлқында мейірімділік басым болу қажеттілігі турасында болды. Сонымен қатар, ақида, фиқһ, ахлақ мәселелері кеңінен түсіндіріліп, сахабалар өмірінен мысалдар келтірілді. Дәріс соңында шәкірттер тарапынан сауалдар жолданып, оған тұщымды жауаптар қайтарылды.  

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру