Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері Алматы қаласында (ФОТО)

21.04.2015 3242 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, теолог, PhD докторы Ершат Оңғаров және Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы Ерсін Әміре Алматы қаласында ақпараттық-насихаттық жұмысын бастады.

Аталмыш ақпараттық топтың мүшелері 20 сәуір түске дейін Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Азаматтық авиация академиясында және ҚазБСҚА (КазГАСА) университетінде болып студенттермен кездесті. Онда білікті дінтанушы мамандар экстремизмнен және дін мен дәстүр сабақтастығы жайында сөз қозғап, студенттерге аса қажетті танымдық ақпараттар беріп өтті. Сол күні Ершат Ағыбайұлы мен Ерсін Әміре қалалық «Әл-мәдина» және «Әбу Бәкір» мешітінде жамағатпен кездесті.

Бүгінгі таңда мұндай кездесулер әсіресе өскелең жас ұрпақтың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін профилактикалық тұрғыда үлкен маңызға ие болып отыр. РАНТ мүшелерінің жұмысы күніне бірнеше кездесуді қамтып, сәуір айының 24-не дейін жалғасын таппақ.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру