Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Діни теріс ағымдардың алдын алу» атты кездесу (ФОТО)

21.04.2015 3478 0 пікір

Семей қаласының КазГЮИУ университеті, Авиценна медициналық, Евразиялық техникалық гуманитарлық т.б. колледждердің студенттерімен және мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ мешіт жамағаттарымен де кездесулер өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы «Теріс ағымдармен күресудің ең тиімді жолы – діни сауаттылықты арттыру» жайында болды. Жалпы жиырма кездесуде 1400 адам қамтылды.

Бұл кездесуге Семей орталық мешітінің найб имамы Бекзат Боранбайұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі және ШҚО Өскемен дін істер агентігінің бөлім басшылары қатысты. Семей орталық мешітінің найб имамы Бекзат Боранбайұлы жастарды білімділікке, діни сауаттылыққа шақырып, Құран мен хадистен мысалдар келтіре отырып, уағыз-насихат айтты. Теріс ағымдардың белгілері мен олардан сақтану жолдарын, діни ілімді алуда тек мешіт өкілдері мен арнайы дін мамандарына жүгіну керектігін ескертті. 

Кездесу соңында жастар пікір алмасып, сұрақтар қойып, қанағатты жауаптарын алды. 

Семей орталық мештінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру