Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үздік имам» кіші қажылыққа аттанды (ФОТО)

21.04.2015 3471 0 пікір

Өңірімізде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешітттер белсенді де, жоғары дәрежеде Ислам дінін насихаттап, халықтың ауызбірлігін сақтауда аянбай еңбек етіп келеді.

Мешіттердің өз деңгейінде қызмет жасап, жергілікті халықтың ықыласына бөленуі ең алдымен сол мешітті басқарып отырған имамына байланысты екені белгілі.

Қызылорда өңіріндегі мешіттер ҚМДБ тарапынан болған тапсырмаларды тиянақты орындауда, жергілікті ақпараттық-насихаттық жұмыстар мен шараларды атқаруда алдыңғы қатарда көрініп келеді деуге болады.

Осы орайда, жыл сайын өңірімізде жылдың үздік имамдары анықталып, олар тиісті бағаларын алып келеді.

Биылғы жылы «Үздік имам» номинациясымен екі жыл қатарынан марапатталған имам қатарында қалалық «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Садықов Жеңіс Нұрыллаұлы бар.

Ж.Садықов осы марапатына сәйкес қасиетті Мекке қаласында қажылық парызын өтеу үшін арнайы сертификатқа ие болды. Қажылық сапарға аттануына орай дастархан жайған Ж.Садықовты әріптестері салтанатты түрде ниетін жеткізіп шығарып салды.

Өз кезегінде арнайы жолдаманы өкіл имам Т.Омаров табыстап, қажылық сапары туралы насихатын жеткізіп, өзге де имамдар ақ жол тіледі.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру