Сахабалардың бірі – Кағб жұма жайында: «Алла Тағала қалалардан – Мекке қаласын, айлардан – Рамазан айын, күндерден – Жұма күнін, түндерден – Қадір түнін ұлық етті. Жұма күні аспандағы құстар да бір-біріне жолыққан уақытта: «Жақсы күннің жақсылығы болсын», - деп сәлемдеседі», - деген.
Ислам дінінің ғұламалары: «Алла Тағала пенделеріне көп жақсылықтар береді. Соның көбісі бейсенбі күннің кешінде, жұманың күндізінде сұраған пендесіне тиеді. Жұма күнінің қасиетін бейсенбі күннен бастап күткен адамның несібесі мол болады екен», - дейді.
Өткен аптаның жұма күніне орай «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметінің ұйымдастыруымен 10 отбасына азық-түлік, 20 адамға киім-кешекпен көмектер берілді. Сонымен қатар, жұма күнінің құрметіне сәби баласы отаға түскен мешіт жамағатының отбасына аталмыш мешіт ұжымы атынан 100 мың теңге ақшалай жәрдем көрсетті.
Ал, Павлодар облысына қарасты «Екібастұз» қалалық мешіті жұма күнінің құрметіне орай мешіт демеушісі Г.Актанова арқылы баласын Астанаға операцияға апару үшін мешіттен көмек сұрап келген ананың жол қаражатына жететін ақшалай жәрдем жасады. Сонымен қатар, Қашыр аудандық мешітінде мұқтаж болған бес отбасыға бес келіден қой еті үлестірілді.
Әр жұма сайын осылайша сауапты амалдар жасап АллаТағаладан үміт етейік. Алла Тағаланың пенделеріне арнаған нығметтеріне жету үшін құлшылық пен шүкіршілігімізді қатар алып жүрейік!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2015
3286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру