Әнәс ибн Малик (р.а.) жеткізген хадисте: «Құрметті ай төртеу, таңдаулы періште төртеу, ең абзал кітап төртеу, дәреттің парызы төртеу, тәсбихтың жақсысы төртеу...», - деген. (Имам Ғазали, Мукәшәфәтул қулуб, 290-бет) Міне, осы аталған төрт құрметті айдың бірі - ережеп айы.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров жергілікті «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының «Ұштаған» арнайы бағдарламасы арқылы Ережеп айының маңыздылығын насихаттап, осы қасиетті айдың ерекшелігі мен қасиеті туралы тұрғындарға кеңінен ақпарат берді.
Одан бөлек жалпы Ислам дініндегі діни мерекелер мен олардың халық арасында кеңінен танылып, діни мерекелерді өз дәрежесінде атап өту мәселесі де айтылды.
«Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2015
4568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру