«Бір тал ексең, он тал ек» демекші Алматы облысы, Талдықорған қаласының әкімшілігімен бірлесе отырып, ауланы көгалдандару жұмыстары жылдан-жылға қарыштап даму үстінде. Былтырғы жылда да, аталмыш сауапты да берекетті шараға Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының мұрындық болуымен, мешіт жамағаттарымен бірге тазалық акциясына аянбай ат салысқаны үшін, Талдықорған қаласының әкімі Ермек мырза Амантайұлының өз қолынан «Алғыс хат» алған жайы тағы бар.
Биылғы жылы аталмыш шара жалғасын тауып, орталық «Иман» мешіті, қалалық «Нұр» мешіті, қалалық «Жетісу» мешіті, және Талдықорғанға қарасты «Еркін» мешітінің имамдары мен мешіт жамағаттары бірлесіп, аталмыш игі шараға шын пейілдерімен белсене кірісті. Талдықорған қаласының әкімі Ермек Амантайұлы сауапты да салихалы іске жиналған қауымды құттықтап, алғашқы болып шырша ағашын ексе, қалғаны сауапты істі, жамыра тарпа бас салып, таласқан бойда ауланы тазартып, шырша, қарағай, және тағы басқа да жеміс ағаштарын отырғызды.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2015
3658
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру