Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті шәкірттері арасында футболдан жарыс өтті (ФОТО)

20.04.2015 3298 0 пікір

«Әзірет Сұлтан» мешітінің сауат ашу курсында дәріс алатын шәкірттер арасында футболдан сайыс болып өтті. Шәкірттер арасындағы достық сезімін нығайтып, ауызбіршілігін арттыра түсу мақсатында ұйымдастырылған «Теңбіл доп» сайысына 13 команда қатысып, мешіт кубогы үшін бақ сынасты.

Мешіт шәкірттері мен жамағаты арасында салауатты өмірге үндеген бұндай спорттық сайыстар бұдан бұрын да бірнеше мәрте ұйымдастырылған болатын. Мешіт имамдарының бастамасымен арнайы «Әзірет Сұлтан» мешітінің кубогы жасалып, жеңімпазға командаға табысталып отыратыны жайлы да жазған болатынбыз.

Биылғы футбол сайысында аталмыш кубок «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Еркебұлан Байғабылов шәкірттерінен құралған «Достық» командасына бұйырды. Жеңімпаз командаға сонымен қоса 50 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде берілді. Жүлделі ІІ-орын да Еркебұлан ұстаз шәкірттерінен жасақталған «Аманат» командасының қанжығасына байланды. Жүлдегерлерге 30 000 теңге сертификаты табысталды. Жүлде қоры 20 000 теңгені құраған ІІІ-орынға Қуат Ерғалиұлы шәкірттерінен құралған «Сұлтан» командасы лайық деп танылды. Жеңімпаздарға тағайындалған жүлде қорына «Достық Travel» қажылық компаниясы демеушілік көрсетті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру