ОҚО Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде ауданға қарасты 54 мешіттің имам молдаларымен көшпелі семинар болып өтті.
Семинар жылдық жоспарға сәйкес ай сайын әр мешітте тұрақты түрде өтілетін болып келісілді. Алғашқы семинардың тақырыбы 19 ақапанда Астана қаласында болып өткен Республикалық тұңғыш имамдардың форумында қабылданған Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын насихаттау болды. Тұрақты семинардың жылдық жоспары жасалып бекітілді. Семинарды өткізу өкіл имамның орынбасары Қарақұлов Еркебұлан имаммен келісілді. Семинар соңында әр имам-молдаға ережеге сәйкес өз міндеттері көрсетілген арнайы міндеттеме жазылып, бір ауыздан мақұлданып бекітілді.
Имамдар тарапынан қойылған түрлі тақырыптағы сауалдарға Қарақұлов Еркебұлан тұшымды жауаптар берді.
ОҚО Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2015
3413
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру