ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Республика бойынша барлық өкіл имамдарына жүктеген 4 бағыт бойынша атқарылатын тапсырмаларының бірі, қайырымдылық шарасы болатын. Аталмыш сол қайырымдылық шаралар, Қазақстан бойынша жер-жерде кеңінен таралып отыр.
Сол шараның бірі «Қарлығаштың қанатымен су сепкендей», - демекші, көптің бірі болып, Алматы облысы, Талдықорған өңірінің орталық «Иман» мешіті де ұйымдастырып келеді. Қасиетті жұма намазынан кейін, ұйымдастырылған шарада алғашқы болып сөз алған өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы ата-аналарды жұма намазымен құттықтап, тұрмысы төмен 30 отбасына 10 киллограмнан ет таратты. Қайырымдылық шара жалғасын тауып, 50 отбасына киім-кешектей берілсе, шара соңынан келуші тұрмысы төмен отбасыларына дастархан жайылды. Қайырымдылық акциясына келуші тұрмысы төмен отбасылары мен көп балалы ата-аналар жайылған дастарханнан дәм татты.
Дінімізде көрші хақысы деген бар, соның үшінші көрші өзге дін өкілі болса да көршілік хақысы бар емес пе? Қайырымдылық шараға келген көп балалы Света есімді орыс ұлтына да ет, киім-кешек, азық-түліктей көмек көрсетілді.
Көңілдерін қуаныш кернеген мұқтаж жандар, мешіт қызметкерлеріне дән риза болып, қуанышпен тарқасып жатты.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2015
3360
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру