«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері мен жамағатынан құралған топ қалалық сенбілік шарасына қатысты. Мешіт шәкірттері мен жамағаты, имамдар бастаған 70-ке жуық азамат «Әзірет сұлтан» мешітіне бөлініп берілген көше бойына 50-ден астам ағаш отырғызып, Астанамыздың ажарын арттыру жолында жемісті еңбек етті.
Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатқа мейіріммен қарау – мұсылман баласы үшін басты міндеттердің бірі. Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.): ««Кімде-кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті (тал шыбығы) болса, соны қиямет қайым басталып кетсе де дереу отырғызып үлгерсін», – деп өсиет қалдырғаны да тегін емес. Дана халқымыздың «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналығы да пайғамбарымыздың осы бір өсиетінен алынғаны белгілі.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2015
3206
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру