Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орталық мешіт «Тазалық күнін» өткізді (ФОТО)

19.04.2015 3927 0 пікір

Тазалық – ислам дінінің басты қағидаларының бірі. Әлбетте, рухани һәм тән тазалығы мұсылман өмірінің негізгі өлшемдері санатынан.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай республика көлемінде қала мешіттерінде тазалық акцияларын ұйымдастырып, мешіт аулаларын, көше бойларын тазалап, ағаш отырғызып, тал-теректерді ақтау секілді жұмыстарды жүргізу жоспарланған еді. Осы орайда «Нұр Астана» орталық мешіті ұжымы «Тазалық күнін» өткізді.

Дін қызметкерлері мен медресе шәкірттері қолға күрек-тырмаларын алып, мешіт маңы мен Сығанақ көшесі бойында тазалық жұмыстарын жүргізді Өзіне жүктелген жауапкершілікті терең ұғынатын мұсылман жамағаты қала тазалығына үлес қосуды азаматтық міндет деп білді. Айта кетейік, Исламда хош көрілген игі істі дін қызметкерлері алдағы уақытта да ұдайы ұйымдастырып отырмақ.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру