Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алда алар асулар мен бағындырар белес көп...

19.04.2015 10088 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қала имамдарының басын қосып, кезекті жиналыс өткізді.

Мәжіліс басында жиналған дін қызметкерлеріне  өңірдің өкіл имамы Батыржан Берденұлы І Республикалық имамдар форумында қабылданған "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Имамның тұлғалық келбеті", "Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі", "ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы" атты құжаттарды халыққа насихаттау мақсатында шығарылған кітапшалардың жамағатқа таратылуын басты назарға қоюды міндеттеді. 

Сондай-ақ, аталмыш бас қосуда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бекіткен тапсырмасы бойынша қала имамдарына бірқатар жұмыстар жүктелді. Дініміз исламның халық арасындағы беделін арттыру, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, қайырымдылық іс-шараларды молайту басты назарға алынды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты діни білім беретін медреселер мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне кемінде 5 шәкірт дайындау, "Иман айнасы" бағдарламасын онлайн жүйеге қосу, т.б. өзекті тапсырмалар берілді.

Жиналыс барысында қала имамдары Діни басқарма тарапынан келген нұсқауларды басшылыққа алып жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру