Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Өзгеге өмір сыйла!» донорлық акциясы өтті (ФОТО)

17.04.2015 3372 0 пікір
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласындағы Қан орталығымен бірлескен түрде «Өзгеге өмір сыйла!» атты донорлық акциясы болып өтті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» қызметкерлеріне бөлінген мешіт бөлмесі кезек әдеттегідей ұзақ болды. Қасиетті жұма күні жақсылық жасауға талпынып, сауапты іске құлшынғандардың қатары көп болғанымен,  қан қабылдау тек түске дейін ғана өткізілді.

Жалпы, қорытынды бойынша бүгінгі донорлық акцияға 43 адам қатысып, 17 л 750 мл қан жиналды. Аталмыш акция келесі аптада «Нұр Астана» мешітінде өткізіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру