Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әл-Хамид» мешітінің Бас имамы дарынды балалар мектебінде болды (ФОТО)

17.04.2015 3672 0 пікір

Алматы қаласы «Әл-Хамид» мешітінің Бас имамы Аманқұлов Асылхан қажы Абай атындағы мамандандырылған Республикалық дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепте ұйымдастырылған Наурыз мерекелік іс-шарасына қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларын айтулы мерекемен құттықтады.

Жиылған қауымға имам «Дін мен дәстүр» сабақтастығы жайлы уағыз-насихат айтып, құрметтеп шақырған мектеп директоры Мұхтар Ибрагимов мырзаға өз алғысын білдірді.

Мерекелік бағдарлама соңынан «Әл-Хамид» мешітінің ұжымына арналып дастархан жайылды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру