Алматы Орталық мешіті мен «Ихляс» қауымдастығы Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау акциясын жариялайды.
17 - 19 сәуір аралығында Алматы Орталық мешіті мен «Ихляс» қауымдастығы Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау акциясын өткізеді. Көмек ретінде: ұзақ мерзімде сақталатын азық-түлік (ұн бұйымдары, күріш т.б.), ыдыс-аяқ, киім-кешек сондай-ақ сөмке, қап сияқты жиналған заттарды түйіндейтін құрал-жабдықтар және қаражаттай көмек қабылданады.
Қабылданатын заттарға қойылатын талаптар: киімдердің таза және бүтін болулары, ыдыс-аяқтар сынбаған, шытынамаған, азық-түліктер бұзылмаған болулары шарт.
Заттай және қаражаттай көмектеріңіз Орталық мешіттің ауласында құрылған арнайы шатырда қабылданатын болады.
Қазіргі таңда, Қарағанды облысының төрт ауданын су басып, 50 елді мекен су астында қалған, зардап шеккендерге қол ұшын беру – біздің азаматтық және мұсылмандық борышымыз.
«Құрманың жартысымен болса да өздеріңді тозақ отынан аман алып қалыңдар!» (Әл-Бухари, Муслим)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.04.2015
3829
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру