Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттегі тазалық шарасы (ФОТО)

17.04.2015 3336 0 пікір

Қыс қаһары тарқап, жаз базары бастау алғалы мешіт жанындағы тазалықты сақтауға да ерекше назар аударылады. Науан хезрет атындағы орталық мешіт аптаның әр бейсенбісін тазалық шарасы күні етіп белгіледі.

Бұл күні мешіт қызметкерлерімен бірге, намазхан жамағат та қол ұштарын бермекші. Себебі, Көкшетау қаласында жаңа мешіт құрылысы толық аяқталған жоқ.  Ескі мешіт жұма намазы күні тарлық ететіндіктен намазхандар парыз намазын далада оқуға мәжбүр. Сондықтан мешіт алаңында тазалықты сақтау аса маңызды болып отыр.

Мешіт – Алланың жердегі үйі, оған жанашырлықпен қарау имандылықтың белгісі.  Мұны жамағат та сезіне түсіп, әркім өзінің қал-қадірінше үлес қосатыны қуантады.

Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру