ҚМДБ-ның Алматы қалсы бойынша өкіл имамы Нұрбек Есмағанбет және қала іс басқарушысы Марат Аманжолов Әуезов ауданындағы «Ақсай», «Тагүл-3» мешіттері, Наурызбай ауанындағы «Әбу Бәкр», Ақжар «Нұр» мешіттері, Бостандық ауданындағы «Бақыткелді» мешітінде болып, жұмыстарымен танысты. Онда «Көрікті мешіт» атты мешіттер арасы бәйгеге дайындық барысы, қардан кейінгі ағаш егу, жасылдандыру жұмыстары, тазалық жұмыстары, «Ақжар» мен «Таугүл» мешітіндегі жөндеу жұмыстарын көрді. Аталған мешіттердің Бас имамдары алдағы атқарылар шаруалары жайында хабардар етті.
Қаламыздың мешіттері көктемгі тазалық, әрлеу, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жалпы мешіт – Алланың үйі болғандықтан ұдайы тазалықта ұстауды, жаңартып отыруды талап етеді. Мешіттің мән мағынасы «сәжде, құлшылық жасайтын орын» дегенді білдіреді. Сондықтан мешіт дегенде, ең әуелі оның тек сыртқы зәулім көрінісі ғана емес, тазалығы, жайлылығы, адам жүрегін рахатқа кенелтіп жан дүниесін қанаттандырып жіберер рухани жағы ерекше аталуға тиіс. Өйткені, мешіт - барша мұсылмандардың күнделікті күйбеңін ұмытып, Хақ Тағаланың алдында бас иіп мінәжат жасайтын орын.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2015
3486
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру