Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам, молдаларға аттестация жүргізілуде (ФОТО)

16.04.2015 3155 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имам-молдаларының кәсіби білім-біліктілігін аттестациядан өткізу жұмысы бүгін облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде жүргізіле бастады. Аттестациялауға барлығы облыс көлеміндегі 90-нан астам мешіттің 70-тен астам имам –моладлары қатысуда.

Аттестация арқылы  ҚМДБ орталық аппаратында арнайы құрылған комиссия өңіріміздегі 70-тен астам имам-молданың білімі мен біліктілігі сарапталып, атқарып отырған қызметіне  лайықтылығын анықтайтын болады.  Сонымен қатар бұл сынақтан жоғары баға алған имам-молдалардың алдағы уақыттарда қызмет бабында тиісті дәрежеде өсуіне де жол ашылатын болады. Сынақ ақида,фиқһ , тәжуид, ислам тарихы ілімдерімен қатар әкімшілік жүйе, ҚР-ның діни заңнамалары бағыттарында жүріледі.

Аттестациялық комиссияда  ҚМДБ-ның бөлім басшылары  К. Тұрдыбаев,  С. Шоқанов,  Б. Бекмұратов және ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы Н.Исеновпен қатар психолог мамандар да жұмыс жүргізуде.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру