Маңғыстау облысының өкіл имам Смайыл Сейтбековтың ұйымдастыруымен облыстық мешіт ауласында «Атадан мал қалғанша тал қалсын» акциясы бойынша 15 сәуір күні мешіт ақсақалдары жеміс ағаштарын отырғызды.
Наурыз айында мешітің көптеген жамағаттары өз қаржыларына көшет сатып алып, өз қолдарымен мешіт ауласына көшеттер отырғызған болатын. Бұл жолы ақсақалдар «Бисмиллә»-мен бастап көшеттер отырғызып, артынан дұға етті.
Дінміз бойынша ағаш егу сауапты іс. Егер адам жеміс ағашын ексе, сол жемістен адам түгіл ұшқан құс пен жыбырлаған жануарлар жейтін болса, сауап болатыны хадистерде айтылғандықтан шие, алма, өрік секілді ағаштар егілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2015
3863
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру