Бұған дейін хабарланғандай, 16 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келіссөздері өтеді.
Сапар аясында екі мемлекет басшысының Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы көзделген.
Түркия президенті Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған нысандарының салтанатты түрде ашылуына қатысады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2015
3224
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру