ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес Алматы қалалық «Таугүл-3» мешітіндегі «Қайырымдылық сенбісі» атты іс-шара қалыптасқан үрдіс бойынша әр аптада үзілместен ұйымдастырылып келеді. Онда мешітімізге келген әрбір мұқтаж жандардың өтініші бойынша әр сенбі сайын азық-түлікпен көмек көрсетіледі.
Осындай қайырымдылық іс-шараларының бірі Маржан есімді жалғыз басты ананың отбасында жалғасын тапқан болатын. Маржан апайымыз осыдан 9 жыл бұрын жол апатына ұшырап, күйеуі қайтыс болады да, ал өзі бір аяғынан айырылып мүгедек болып қалады. Тағдырдың тауқыметіне ұшыраған кейуананың қайырымдылық пен жылы сөзге мұқтаж екенін түсініп, қолымыздан келген көмегімізді берген едік. Арада бірнеше ай өткеннен кейін Маржан апай Бас мүфтидің қайырымдылық жасау бастамасына және «Таугүл-3» мешіті қызметкерлеріне алғысын айту үшін арнайы келіп:
«Басыма келген ауыр қайғыдан еңсем түсіп, ешкімге керексіз адамдай күй кешіп жүргенімде осы Таугүл мешітінің бас имамы бастаған қызметкерлері Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес қайырымдылық жасаймыз деп келгенде, еріксіз көзіме жас тола берді. Дін қызметкерлерінің осы қадамы және жылы сөздері мені өмірге жаңа келгендей күй кешіріп, болашаққа деген үмітімді оятты. Нәтижесінде, жасанды аяқ (протез) жасатып, кәсіп қылып, ел қатарына қосылдым. Ең бастысы, әлемде мейірімді жандар барын көріп, Аллаға деген шүкіршілігім оянып, бес уақыт намазымды бастадым. Осындай еңсемді көтерген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына және Таугүл-3 мешітінің қызметкерлеріне алғысымды айтуға келдім» - деді.
«Еңбегің кетпес далаға» деген Абайдың сөзін ескере келе, қайырымдылықтан қол үзбейік ағайын дегіміз келеді. Алла баршамыздың еңбегімізді сауаптан жазғай.
Таугүл-3 мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2015
3218
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру