Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық көмек бір жүйеге қойылды

15.04.2015 3216 0 пікір

Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметін ұйымдастырушылар осы аптада осымен жетінші мәрте кезекті қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.  Осы жолғы шара барысында да әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына қомақты көлемде азық-түлік салынған арнайы пакеттер берілсе, 40-ға жуық адам қайырымды жандар арқылы жиналған киім-кешектерді бөлісіп алды. Сондай-ақ  көмекке мұқтаж бір отбасына демеушілер арқылы түрлі-түсті шағын телевизор сыйға берілді.

«Біздің «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде  мұқтаж болған жандарға қайырымдылық көмек жасау ісі бір жүйеге қойылды. Қаламызда тұратын ауру-сырқау, жалғызбасты, көп балалы, мүгедек, зағип, жарымжан, панасыз қалған адамдардың өтініші бойынша «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметін жауаптанған қызметшілер арнайы тексерістер жасап, ол отбасына, немесе жеке адамға не қажет екендігін анықтап, сол арқылы тиісті көмек көрсету үшін әрекет жасайды. «Барыңмен бөліс!» қызметіне адал  ниетімен көмектесіп, мешіт арқылы халыққа  тегін емдеу, бір ай бойы тегін массаждарға қабылдау қатарлы әлеуметтік қызмет ұсынушылар да бар. Сондай-ақ, өздерінен артық болған  үй жиһаздары, тоңазытқыш қатарлы тұрмыстық бұйымдар да мұқтаж болған иелерін табуда.  Осы амал-әрекеттер арқылы 2015 жыл шыққалы барлығы 60-қа жуық отбасы,180-нен астам жеке адамдарға азық-түлік, киім-кешек және ақшалай қайырымдылық көмектер көрсетілді»,-дейді бас имам Н.Исенов.

Ақиқатында әрбір адамның парызы иманды болу, әрбір иманды мұсылманның міндеті басқаларға жәрдем жасау.  «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- деген сөзді барша мұсылмандарға айтқымыз келеді. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру