Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Спорт сергітеді де, иманға да ұйытады

15.04.2015 3203 0 пікір

Науан тхазрет атындағы Көкшетау орталық мешіті әр жұма күні жамағаттарына арнап футбол ойынын ойнату шарасын қолға алды. Бұл бастама жамағаттар тарапынан да кең қолдау тапты. Әсіресе, намазға енді жығылған жастардың бұған құлшынысы басым.

Қытайдан оралған оралмандар да спорт залына келіп, доп ойнап, имамдардың имани әңгімесіне қанығатындарына қуанышты. Мұндай мүмкіндік күнде туа бермейді.

Ең бастысы, спорт адамды сергітіп қана қоймайды, иманын да бекітеді. Ойын алдында айтылатын уағыз әңгімелер де жастардың теріс ағымдар жетегінде кептеуіне мол ықпал етеді. Әйтпесе, енді намаз оқи бастаған жастарды мешіттің алдында тосып алып, өздерінің топтарына қосатын  экстремистік ағымдар да жетерлік. Сондықтан мешіттің бұл жаңа бастамасы осындай жастарды адасушылықтан құтқаратын болады.

Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру