Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірінің имамдары «Шымкент» медресесінде білімін жетілдіруде

15.04.2015 3097 0 пікір

Білім алу – адамды Алла Тағалаға жақындата түсетіні белгілі. Қасиетті Құранда ілім алудың маңыздылығы, оның сарқылмас байлық екендігі айтылған. Сондай-ақ, Қасиетті Құран Кәрімде Ілім сөзі 750 рет айтылған.

Осы орайда, бүгінгі таңда жастардың діни ілім алуына, имам-молдалардың діни сауаттылығын арттыруда жер-жерлерде көптеген маңызды шаралар, сауаттылығын арттыру курстары, семинарлар тоқтаусыз ұйымдастырылып келеді.

Қызылорда облысының имамдары мен молдаларына арналған діни сауат ашу сабақтары, діни сауаттылықтарын арттыру семинарларын осы саланың маманы, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар бірнеше жылдан бері жоғары дәрежеде атқарып келеді.

Бүгінгі таңда да М.Гаджиев қалаға қарасты бірнеше мешіттің имам-молдаларына күнделікті сабақтарын жүргізумен қатар, барлығы 14 молданы Шымкент қаласындағы «Шымкент» медресесіне білімін жетілдіруге жіберді.

Алдағы уақытта аталмыш имамдар білімдерін жетілдіріп, сауаттылықтарын арттырып, дін жолында қызмет ететін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру