Бүгінгі таңда имам-молдалардың білімін шыңдау ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының басты назарында. Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі апталық семинарлар ұйымдастырған болатын. Семинарларда имам-молдаларға ақида, фиқһ, хадис және тәжуид пәндерінен дәріс оқылады.
Бұл апталық семинарға Оңтүстік Қазақстан облысының барлық имам-молдаларының қатысып шығуы жоспарлануда. Сонымен қатар, биылғы апталық семинарға көршілес Қызыл Орда облысының имам-молдалары да қатысуда және семинарлар Оңтүстіктегі «Шымкент» әрі «Сарыағаш» медреселерінде өтеуде. Осы апта басында басталған семинарға келген әріптестерімізбен ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.Керімбек және орынбасары Б.Әміре «Шымкент» медресесінде кездесті. Кездесуде облыстың Бас имамы білімнің шыңдалуы уақыттың талабы екендігіне тоқталса, найб имам Б.Әміре ілім алуда ықыластың керектігін түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, келген қонақтардың қатарында «Шымкент» медресесі директорының орынбасары Н.Гаухаровта болды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2015
2992
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру