Үстіміздегі жылдың 17-сәуірінде Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы кешенді мешіттің салтанатты ашылуы болады. Құлшылық ордасы түгелдей Түрік елінің Дін істері министрлігінің қаржылай қолдауымен салынған.
Құрылыс жұмыстары 2009-жылдың 16-қазан күні басталған болатын. Құрылыс жұмыстарына жалпы мөлшері 10 млн АҚШ доллары жұмсалған. Мешітте бір уақытта 3 000-ға жуық адам құлшылық жасай алады.
Қос ел арасындағы бауырластықты нығайтып, екі ел мәдениетін біріктіре өрілген мешіт қабырғаларынан қазақ елінің дәстүрлі сәулет өнері айқын көрінген. Мешіт қасында кітапхана және заманауи асхана залдары қарастырылған. Сондай-ақ, азаншылар мен имамдарға арналған бөлмелер, дәрісханалар да бар.
Айта кетейік, 17-сәуір күні Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқу ордасы аумағында жаңа мешіттің іргетасы құйылады.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2015
5163
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру