Құрметті, оқырмандар!
Сайтымызда осыдан бірнеше күн бұрын жарияланғандай, бүгін сәуірдің 15-жұлдызында Астана қаласы мешіттері имамдарының арасында «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» атты байқау өтеді. Байқауға қаладағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Әлжан Ана», «Әл-Ғани», «Кунта қажы», «Төлебай», «Әс-Сәлам» мешіттерінен 8 имам қатысады. Қатысушы үміткер имамдарды мына сілтемеден көре аласыздар!
Үміткер имамдар бұған дейін сайыстың сыртқы кезеңі бойынша сарапқа түсіп, олардың уағыз-видеолары Ummet.kz сайтына орналастырылған болатын. Сайыстың сыртқы кезең шарты бойынша, оқырман өздеріне ұнаған имамға дауыс беру арқылы үздігін анықтауға көмектеседі.
Ал, сайыстың негізгі кезеңінде, яғни ертең Елорда имамдары төмендегі турлар бойынша тапсырма орындап, біліктіліктері мен білімдерін сарапқа салатын болады. Байқауда оза шауып, жеңіске жеткен дін қызметкеріне «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» кубогы беріліп, кіші қажылық сертификатымен марапатталады.
-
Бірінші тур – «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АТАСЫ»;
Екінші тур – «БӘЙГЕ»;
Үшінші тур – «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»;
Төртінші тур – «ЖАҒДАЯТ»;
Бесінші тур – «ИМАМ МІНБЕРІ» (имамның шешендік қабілеті).
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2015
4199
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру